Орал қаласында жасөспірім қызды қатарластары көшеде ұрып-соққан

Жаңалықтар

Екі жасөспірім полицияға тапсырылды.

Орал қаласында жасөспірім қызды екі қатарласы ұрып-соққан, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

5517 әскери бөлімінің әскери қызметшілері көшелерді патрульдеу кезінде көмек шақырған қыздың дауысын естіген. Оқиға орнына жеткен сарбаздар жасөспірімдердің физикалық қысымына тап болған қызды анықтады.

Екі жасөспірім сол жерде ұсталып, полицияға тапсырылды. Ал зардап шеккен қызға қажетті медициналық көмек көрсетілді.

"Біз қызды көріп, оған көмек қажет екенін бірден түсіндік. Балалар арасындағы дау төбелеске айналған. Біз дереу орталарына түсіп, жағдайды реттедік", — деді қатардағы сарбаз Ғаламат Нұрберген.

Буллингке ұшыраған қыздың анасы Татьяна Ефремова егер ұландықтар көмекке келмегенде баласының денсаулығына әлдеқайда ауыр зардаптар келуі мүмкін екенін атап өтті. Ол 5517 әскери бөлімінің құрамына алғыс білдірді.