3 облыста 16 жол бөлігі жабылды

Жаңалықтар

Бұл туралы мағлұмат «ҚазАвтоЖол»-дан мәлім болды , деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінгі сағат 08:00 жағдай бойынша 3 облыстағы 16 республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысына шектеу қойылды:

Ақмола облысы: «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 856-893 шақырым аралығы (Солтүстік Қазақстан облысы шекарасы-Новокиенка ауылы).

«Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 553-595 шақырым аралығы (Сұрған ауылы Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін)»

«Көкшетау — Рузаевка» автожолының 0-61 шақырым аралығы (Көкшетау қаласынан — Солтүстік Қазақстан облысы шекарасына дейін).

«Астана — Петропавл» автожолының 252-291 шақырым арылығы (Ақылбай ауылы — Көкшетау қаласы).

«Астана — Петропавл» автожолының 304-341 шақырым аралығы (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы.) «Көкшетау айналма жолы» 0-18 шақырым аралығы.

«Көкшетау — Омбы» автожолының 2-50 шақырым арылығы (Көкшетау қаласы — СҚО шекарасы).

Қостанай облысы: «Қостанай — Әулиекөл — Сұрған» автожолының 108-218 шақырым аралығында (Әулиекөл ауылы — Октябрьское ауылы).

«Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы — СҚО шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы: «Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Тоқсан би ауылы).

«Астана — Атбасар — Жақсы — Рузаевка — Сарыкөл — Қостанай — РФ шекарасы» автожолының 797-856 шақырым аралығы (Рузаевка ауылы — Ақмола облысы шекарасы).

«Жезқазған — Арқалық — Петропавл» автожолының 595-673 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы — Тоқсан Би ауылы).

«Тимирязево — Сарыкөл-облыс шекарасы» автожолының 0-32 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы — Тимирязево ауылы).

«Көкшетау — Рузаевка» автожолының 61-196 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы — Рузаевка ауылы).

«Қарасай батыр м.к. кіреберіс» автожолының 0-24 шақырым аралығы (Саумалкөл ауылы-Қарасай м.к.).

«Астана- Петропавл» автожолының 341-367 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы — Келлеровка ауылы).

«Көкшетау-Омбы» автожолының 50-85 шақырым арылығы (Ақмола облысы шекарасы — Чкалова ауылы).

Қазіргі уақытта республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 197 арнайы техника және 297 маман жұмылдырылған.