Ол атысты тоқтату туралы ұсынысты 30 күнге ғана емес, ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелетін жағдайда ғана қабылдауға болатынын айтты.
Бұл туралы Ресей Президенті Владимир Путин Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен келіссөздер қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ТАСС басылымына сілтеме жасап.
– Біз соғыс қимылдарын тоқтату туралы ұсыныспен келісеміз, бірақ бұл тоқтату ұзақ мерзімді бейбітшілікке әкелетін және дағдарыстың негізгі себептерін жоятын болуы керек деп есептейміз, – деді ол.