Зілзала ошағы Ирактың Эрбил қаласы маңында 7 шақырым тереңдікте жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты HaberTRK арнасына сілтеме жасап.
Жергілікті уақыт бойынша кешкі сағат 21:00-де болған 4,8 балдық зілзала ауылдық аймақтағы бірнеше ғимараттың қирауына және зақымдануына әкелген.
Абырой болғанда, жарақат алғандар мен қаза тапқандар жоқ.
Қауіпсіздік мақсатында тұрғындар түнді ашық алаңдар мен мешіттерде өткізген.
Қазіргі уақытта арнайы қызметтер қираған үйлер мен ғимараттарды тексеріп, шығын көлемін есептеп жатыр.