Белсенділер Өскемен әкімдігін сотта жеңіп шықты

Жаңалықтар

Өскеменде 14-наурыз күні уақытқа қатысты митинг өтетін болды.

Оны бірыңғай уақыт белдеуіне көшкеннен бері қарсы шығып, сотқа жүгінген белсенділер ұйымдастырмақ, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін мұндай әрекет етпек болғандарға қала әкімдігі рұқсат бермеген еді.

Бүгін белсенділер әкімдікті сотта жеңіп шықты. Ал облыстың тағы 4 ауданында жұмыс кестесі өзгеріп, таңғы 08:00-де басталатын болды.