0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Миллионнан аса тұрғыны бар Шымкентте өндіріс орындары көбейіп келеді. Соның арқасында қарапайым еңбек адамдары тұрақты жұмыс істеп, нәпақасын тауып отыр. Мәселен он жыл бұрын ашылған алюминий зауытында қазір жүздеген жұмысшы бар. Алып өндірістегі еңбегі ерен жандар туралы Айнұр Әбліқасымқызының бейнематериалы.
Өз саласының жетік меңгерген мамандардың бірі — Ғалымжан Ақкөзов. Білікті механик 30 жылдан бері өндіріс орындарында бел жазбай еңбек етіп келеді. Соңғы 10 жылдан бері алюминий өңдейтін ірі зауытта істейді. Зейнетке шығар алдында жас мамандарды үйретіп жүр.
Ғалымжан Ақкөзов, механик:
Ең бірінші басталған кезде 1 пешпен тастағанбыз. Қазір құдайға шүкір мінекей 4 пешіміз бар. 4 пеште 4 линиямыз жұмыс істеп тұр. Осындай алюминий картинкасын шығару 3 размерде алюминий картинкасын шығарамыз.
Алюминий пештегі мың градус ыстықта 3 жарым — 4 сағат бойы балқиды. Ерітіліп, сұйытылған соң, арнайы қалыптарға салынады. Зауыттағы ең үлкен пештің сыйымдылығы 15 тоннаға дейін жетеді. Кәсіпорында бұдан басқа тағы 3 пеш бар. Тек олардың көлемі әр түрлі.
Ал Құрбанбай Мамырәсілов дайын болған өнімдерді автокар арқылы межелі жеріне жеткізеді. Әрі қарай әр орамы 1 тоннадан асатын алюминий сымдарын үлкен жүк көліктеріне тиейді. Күн сайын шамамен 30 тонна орамдарды тасиды.
Құрбанбай Мамырәсілов, жұмысшы:
Істеп жатқаныма екі жыл болды. Ең алғашқысы автокар еді. Кейін жұмыстар, нелердің барлығын автокар басқарады. Үш тоннаға дейін көтереді. Әртүрлі. Бес тонналық автокарлар да бар.
Павлодар қаласынан әкелінетін шикізаттан 3 түрлі алюминий сымдары өндіріледі. Дайын өнім еліміздегі кабель мен трансформатор шығаратын зауыттарға жеткізіледі. Өзгесін шетелдіктер сатып алады.
Бекжан Айтқұлов, зауыттың бас директоры:
Өнімдерімізді тек қана Қазақстанға емес, сонымен қатар шетелге экспорттаймыз. Атап айтқанда Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан. Сонымен қатар Турцияға, Украинаға қазіргі таңда тауарымызды жөнелтіп жатырмыз.
Кәсіпорынға техникалық бағыттағы мамандар ауадай қажет. Мәселені шешу үшін жоғары оқу орындарының студентттеріне зауытта тәжірибе жинақтауға мүмкіндік берілген.
Айнұр Әбілқасымқызы