Жетісуда жұмысшы мамандық жылына орай ауқымды форум өтті

Жаңалықтар

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз !

Талдықорғанда жұмысшы мамандықтар жылы аясында алғаш рет жұмыс берушілер өздерінде тәжірибеден өткен студенттерге алтын карталар табыстады. Бұл карталар тәлімгердің сол кәсіпорынға жұмысқа кедергісіз орналасуына кепіл болмақ.

Облыс орталығында «Жұмысшы мамандықтар: жаңа кезең, жаңа мүмкіндіктер» атты форумда өңірдің кәсіптік-техникалық білім беретін колледж директорлары мен кәсіпорын, мекеме басшылары меморандумға қол қойып, серіктес болуға уағдаласты.

Болашақ маман иелері облыс аумағындағы зауыт, фабрикаларда, цехтар мен шеберханаларда, мейрамханалар мен асханаларда кәсіби біліктілігін шыңдап, тәжірбие жинақтай алады. Ал өндіріс орындары өздеріне қажет мамандармен қамтылады.

Темірболат Қами, студент:

Талдықорған индустриалды колледжінде оқимын. Автокран мамандығында. Біз тағылымдаманы «Энергорем» фирмасында өткіздік. 16 тонналық кранды басқарамыз. Алда сол фирмада қалып жұмыс істейтін болдым.

Қуаныш Қанатұлы