Қостанай облысында көктемгі су тасқыны кезеңіне қызу дайындық жүріп жатыр. Кешенді іс-шаралар аясында елді мекендерге Тобыл өзенінен төнетін қауіпті жерлерде мұз жару жұмыстары басталды.
Облыстық төтенше жағдай департаментінің мәліметінше, 18 наурызда өзен бойына жақын орналасқан Константинов, Садчиков, Садовый, Алтындала елді мекендері мен Қостанай қаласының маңында мұз жару жұмысы жүреді.
ТЖД мамандары тұрғындардан қауіпсіздік шараларын сақтауды және қосымша хабарламаларды қалт жібермеуді сұрайды.
Қостанай облысы