0:00:00
0:00:00Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!
Шымкент қаласында кезекті рет «Таза бейсенбі» экологиялық шарасы ұйымдастырылды. Оған «AMANAT» партиясы қалалық филиалы мен «Жастар рухы» жастар қанатының 50-ге жуық өкілі қатысты. Асар мөлтек ауданында өткен тазалық жұмыстары барысында олар жол бойында шашылған қоқыстарды тазалап, қураған ағаштарды жинап, тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы жағдай жасады. Орындықтар мен жол жиектерін бояп шықты. Жалпы «Таза бейсенбі» акциясы басталғалы 45 тонна қоқыс қала аумағынан шығарылды.
Мақсат Жолдасбеков, «AMANAT» партиясы Еңбекші аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
Тазалық шаралары тек қана партия тарапынан емес сондай-ақ жергілікті атқарушы орган тарапынан да үлкен көлемде жүргізіледі. Бастамашы болып басында жүреміз. Халыққа үлгі болып, оларды тазалыққа шақырып. Өзіміздің туған қаламыз көрікті болса барлығымызға жақсы.
Ғани Қалмаханов