Назым Қызайбай әлем чемпионатында қарсыласын үш рет нокдаунға түсірді

Жаңалықтар

Назым Қызайбай 2025 жылғы әлем чемпионатын мерзімінен бұрынғы сенімді жеңіспен бастады. 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшы Назым Қызайбай 2025 жылғы әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін жеңіспен бастады, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Турнирдің бірінші айналымында 31 жастағы спортшы Словакия өкілі Николь Дуриковамен кездесіп, оған еш мүмкіндік қалдырмады. Жекпе-жек үшінші раундта мерзімінен бұрын аяқталды: Қызайбай қарсыласын үш рет нокдаунға түсіргеннен кейін, төреші кездесуді тоқтату туралы шешім қабылдады.

Осылайша, Назым әлем чемпионатының келесі кезеңіне өтті. Бұл жекпе-жек Қызайбайдың 2024 жылғы Олимпиада ойындарындағы сәтті өнерінен кейінгі алғашқы кездесуі болды. Айта кетейік, ол Олимпиадада қола медаль жеңіп алған еді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kazakhstan Boxing Federation (@boxingkazakhstan)

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!