Алматы әкімі әйел басшыларға көбірек сенетінін айтты

Жаңалықтар

Ерболат Досаевтың сөзінше, әкімдікте жұмыс істейтін әйелдер саны аз емес.

Бұл туралы Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесуінде сөз болған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Кездесуде Алматы әкіміне аудан тұрғыны қала басшылығында қызмет атқаратын әйелдер саны неліктен аз екенін сұраған.

– Бұл тұрғыдан Алматы ерекше деп ойлаймын. Бізде екі аудан әкімі – әйел, еш жерде мұндай жоқ, – деді Досаев.

Сондай-ақ, ол ер адамдарға қарағанда, әйел басшыларға көбірек сенетінін жасырмады.

– Бізде әйел басқарма басшылары да бар. Менің орынбасарым Әсем Нүсіпова бар. Әрине, әзірге мінсіз гендерлік теңдік жоқ. Бірақ, әкімдіктегі жоғары лауазымдарды әйелдер де атқарып жүр. Мен оларға ер адамдарға қарағанда көбірек сенемін, өйткені олар сенімді, – деді Ерболат Досаев.

Бұған дейін Ерболат Досаев осы кездесуінде "Алматының тау бөктерінде құрылыс жүргізуге тыйым салына ма?" деген сауалға жауап берген еді.