Әлиев Еуропарламентті "жемқорлардың ордасы" деп атап, "миллиондар салынған чемодандар" туралы мәлімдеді

Жаңалықтар

2022 жылы Бельгия билігі Еуропарламенттің бірқатар қазіргі және бұрынғы депутаттары мен қызметкерлерін жемқорлық, ақшаны жылыстату және қылмыстық ұйымға қатысы бар деген күдік келтірген

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев Еуропалық парламентті "жемқорлардың ордасы" деп атады, деп хабарлайды агенттік тілшісі "Azertag" АА сілтеме жасай отырып.

"Мен мұны толық жауапкершілікпен айтып отырмын: Еуропалық парламент — жемқорлардың ордасы", — деді Әлиев Бакуде өткен халықаралық конференцияларға қатысушылармен кездесу барысында.

Оның айтуынша, Еуропарламенттің вице-президенттерінің бірінің үйінен "миллиондаған доллар салынған чемодандар тәркіленген, бірақ бұл деректердің барлығы жылы жабылып қалған". Әзербайжан президенті нақты кімді меңзегенін айтпады.

2022 жылдың желтоқсанында жемқорлыққа қатыс бар деген істі тергеу барысында сол кезде Еуропарламент вице-президенті қызметін атқарған Ева Кайли ұсталған болатын. Бельгия билігі Еуропарламенттің бірқатар қазіргі және бұрынғы депутаттары мен қызметкерлерін жемқорлық, ақшаны жылыстату және қылмыстық ұйымға қатысы бар деп күдіктенген. Тінту барысында іс фигуранттарынан ірі көлемде қолма-қол ақша тәркіленген болатын.

Кейін Еуропарламент Кайлиді вице-президент қызметінен шеттетті. Тергеу бұқаралық ақпарат құралдарында Qatargate деген атауға ие болды. Кайли өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарған.