СІМ АҚШ-та қазақстандық әйелдің көші-қон заңын бұзғаны үшін ұсталғанын растады

Жаңалықтар

Еліміздің Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың көші-қон қызметі Флорида штатында Қазақстан азаматын заңнаманы бұзғаны үшін ұстағанын растады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұған дейін әлеуметтік желіде АҚШ-тың Флорида штатында үш баланың анасы, қазақстандық әйелдің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын.

15 қыркүйекте Қазақстан Сыртқы істер министрлігі тексеру нәтижесін хабарлады.

"АҚШ-тың көші-қон қызметі Қазақстан азаматын Флорида штатының аумағында заңды көші-қон мәртебесінің болмауына байланысты ұстаған.

Қазақстандық дипломаттар АҚШ-тың мемлекеттік органдарымен де, ұсталған азаматтың отбасымен де байланыста, қажетті консулдық көмек көрсетіп жатыр", — деп мәлімдеді СІМ.

Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз