Мүфтият жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға шақырды.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Түркістан облысында Сарыағаш мешітінде болған оқиғаға қатысты мәлімдеме жасап, мешіт имамына ескерту жасалғанын хабарлады.
Еске салайық, мешіттің бас ұстазы Әбдіжаппар Смановтың уағыз айтуы кезінде балалардың оның аяғын уқалап отырғаны видео түрінде әлеуметтік желіде тарап кеткен болатын. Бұл елі қолданушыларының ашу-ызасын туғызды.
"Мешіт – құлшылық үйі, жамағат жиналатын рухани орда, қасиетті мекен, тәрбие орны. Құлшылық үйіне келген адам мешіт әдебін сақтауы тиіс. Бұл – мұсылманның көркем мінезінің бір. Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мешітте болған оқиға әлеуметтік желілерде тарап, қоғамның түрлі пікір қайшылығын тудырды. Осыған орай Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті орында қоғам наразылығын тудырған әрекетке жол бергені үшін мешіт имамына ескерту жасады", – делінген ҚМДБ мәлімдемесінде.
Діни басқарма бұл ретте еліміздегі барша мұсылман жамағатын құлшылық үйлерінде дауыс көтеріп сөйлемеуге, әдепсіз әрекеттерге жол бермеуге, ұрыс-керіс жасамауға шақырып, жамағатты барынша мешіт әдебін сақтауға үндеді.
Оқи отырыңыз: ҚМДБ ауызашардағы ысырапшылыққа қатысты мәлімдеме жасады