Үкіметте 2026 жылға арналған заң жобаларының жоспары таныстырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жолдауы мен тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде заң жобалау жұмыстарының 2026 жылға арналған жоспары әзірленді. Үкімет отырысында әділет министрі азаматтардың мүлкін қорғауға және жаңа технологияларды дамытуға арналған алдағы уақыттағы заңнамалық бастамалар туралы баяндады.
Жоспарда 12 заң жобасын әзірлеу қарастырылған, олардың негізгілері нақты әлеуметтік және экономикалық міндеттерді шешуге бағытталған.
Әлеуметтік қорғау саласында тұрғын үйді табиғи апаттардан міндетті сақтандыру туралы заң, сондай-ақ еңбек заңнамасына және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне түзетулер әзірленуде.
Президенттің тапсырмаларын орындау шеңберінде мемлекеттік мүлік мәселелері бойынша түзетулер және онлайн-платформалар мен масс-медиа мәселелері туралы заңнама дайындалуда. Өнеркәсіп блогында мұнай-газ химиясы өнеркәсібі туралы заң жобасын енгізу жоспарлануда.
"Парламентке бірінші жартыжылдықта 5, екінші жартыжылдықта 7 заң жобасын енгізу жоспарлануда. Президенттің әлеуметтік салаға да, цифрлық дамуға да қатысты тапсырмаларын сапалы пысықтауға басымдық берілді", — деп атап өтті министр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз