Астанада осы аптада қар аралас жаңбыр жауып, күн аздап жылынады

Жаңалықтар

Алдағы жеті күнде Астанада ауа райы қандай болады? Күн райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды.

29 желтоқсанда Астанада күн бұлтты болады. Орташа температура -6°C деңгейінде болғанымен, -13°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы -3°C-қа дейін көтеріліп, түнде -14°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 87 пайыз деңгейінде болады, ал желдің жылдамдығы 5,9 м/с-қа жетпек.

30 желтоқсанда қар аралас жаңбыр жауады. Ауа температурасы шамамен 1°C-қа жеткенімен, -5°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші 2°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші -1°C деңгейіне дейін түседі. Ауа ылғалдығы 89 пайызға, ал желдің жылдамдығы 9,6 м/с-қа жетеді.

31 желтоқсанда қар жауады. Орташа ауа температурасы -8°C болғанымен, -14°C секілді сезілетін болады. Күндіз ауа температурасы -2°C-қа дейін көтеріліп, түнде -12°C-қа дейін түседі. Ауа ылғалдығы 95 пайыз деңгейінде болып, желдің жылдамдығы 7,5 м/с-қа дейін жетеді.

1 қаңтарда Астанада күн ала бұлтты болады деп болжанып отыр. Ауа температурасының орташа деңгейі -14°C болғанымен, -20°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасының максималды көрсеткіші -9°C-қа дейін жетіп, ал минималды көрсеткіші -18°C-қа дейін түсуі мүмкін. Ауа ылғалдығы 95 пайыз деңгейінде, ал желдің жылдамдығы 3,1 м/с деңгейінде болады.

2 қаңтарда күн ашық болады. Орташа тәуліктік температура -13°C болғанымен, -17°C секілді сезіледі. Күндіз ауа температурасы -9°C-қа дейін жетеді, ал түнде -15°C-қа дейін төмендейтін болады. Ауа ылғалдығы 93 пайыз деңгейіне дейін жетіп, желдің жылдамдығы 2,6 м/с-қа дейін барады.

3 қаңтарда күн ала бұлтты болады. Ауа температурасының орташа деңгейі -10°C болғанымен, -16°C секілді сезіледі. Максималды ауа температурасы -6°C болса, минималды температура -14°C болмақ. Ауа ылғалдығы 96 пайызға, ал желдің жылдамдығы 3,8 м/с-қа дейін үдейді.

4 қаңтарда синоптиктер болжамы бойынша аздап қар жауады. Орташа ауа температурасы -7°C болғанымен, -14°C секілді сезілетін болады. Ауа температурасы -2°C-қа дейін көтеріліп, түнде -12°C-қа дейін түсуі ықтимал. Ауа ылғалдығы 95 пайызға, желдің жылдамдығы 7,1 м/с-қа дейін жетеді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз