112 пультіне Ұлытау облысы Ұлытау ауданы аумағындағы "Петропавл – Жезқазған" автожолында жеңіл автокөліктің жол жиегіне шығып кетіп, кюветке түскені туралы хабарлама түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, оқиға орнына ТЖД қызметкерлері мен жедел жәрдем бригадасы жедел жетті. Көліктен 5 адам эвакуацияланды.
Екі ересек азамат жедел жәрдем арқылы медициналық мекемеге жеткізілді. Қалған 3 адам Ұлытау ауылына эвакуацияланды, медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Эвакуацияланған азаматтардың барлығы — Өзбекстан Республикасының азаматтары.