Миллиардер Михаил Ломтадзе "Каспийден" бас тартты

Жаңалықтар


Бұл туралы Қазақстан футзал федерациясының президенті Нұрсұлтан Құрман AmanVibe берген сұхбатында айтты.


Оның сөзінше, Михаил Ломтадзеге әуелгіде ақтаулық "Каспий" клубы ұсынылған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Десе де, бизнесмен академияны Астана қаласынан салуды құп көрген.

– Ломтадзеге бастапқыда "Каспий" ұсынылды, бірақ ол Астанада академия салғысы келетінін айтып, "Жеңіс" клубын таңдады. Егер академияны Ақтауда салатын болса, "Каспийді" сатып алар еді. Соның нәтижесінде ол "Жеңіс" клубын алып, академияны осында салады, – деді Нұрсұлтан Құрман.

Айта кетейік, Ломтадзе осылайша астаналық "Жеңістің" иесі болып отыр. 2024 жылы ол ағылшындық "Уиком Уондерерс" клубының 90 пайыз акциясын иеленді. Команда Лига 1-де доп тебеді, бұл – Англиядағы футбол лигалары жүйесіндегі үшінші дивизион. Forbes журналының мәліметінше, М.Ломтадзенің байлығы 3,9 миллиард доллардан асады.