Ақмола облысында Дубайда өткен бокстан әлем чемпионатының жүлдегерлері Теміртас Жүсіпов пен Оразбек Асылқұловқа құрмет көрсетілді. Бұл туралы өңір әкімдігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысының әкімдігінде боксшылармен кездесу өткен.
Кездесуде өңір әкімі Марат Ахметжанов спортшылардың Ақмола облысының ғана емес, бүкіл елдің мақтанышы екенін, жетістіктері өскелең ұрпаққа жарқын үлгі екенін атап өткен.
Салтанатты жиын соңында боксшыларға сертификаттар мен алғыс хаттар табысталған.
Естеріңізге сала кетейік, Дубайда IBA ұйымдастырған әлем чемпионатында Оразбек Асылқұлов алтын медаль жеңіп алса, Теміртас Жүсіпов қола жүлдегер атанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз