ҚазАвтоЖол Абай облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын хабарлады, деп жазады Egemen.kz ақпарат агенттігі .
– 2025 жылғы 12 наурыз сағат 22:30-да Абай облысында ауа райының нашарлауына байланысты «ҚХР шек. – Майқапшағай –Зайсан айналма жолымен – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шек.» автожолының 910-1002 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қалбатау а. — Көкпекті а.) барлық көлік түрінің қозғалысына шектеу қойылады, — делінген хабарламада.
Жолды 13 наурыз сағат 08:00-де ашу жоспарланған.