Жаңа жыл қарсаңында Алматыда ауа райы +4°С-қа дейін жылынады, ал Астанада қалың қар жауады

Жаңалықтар


"Қазгидромет" РМК синоптиктері 2025 жылғы 23–25 желтоқсан аралығына Қазақстанның үш ірі қаласы бойынша ауа райы болжамын ұсынды. Осы күндері Алматы мен Шымкентте ауа температурасы +4°С және +8°С-қа дейін көтеріледі. Ал Астанада қар жауып, көктайғақ күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.


Астана

23 желтоқсан: ауыспалы бұлтты, күндіз аздап қар жауады, жаяу бұрқасын. Жолдарда көктайғақ. Күндіз желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -9…-11°С, күндіз -2°С.

24 желтоқсан: бұлтты, қар, боран, көктайғақ. Желдің екпіні – 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз -2°С.

25 желтоқсан: бұлтты, қар, боран, көктайғақ. Жел 14 м/с-қа дейін күшейеді. Ауа температурасы түнде де, күндіз де -3…-5°С.

Алматы

23 желтоқсан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман, жолдарда көктайғақ. Жел әлсіз. Ауа температурасы түнде -5…-7°С, күндіз -1…+1°С.

24 желтоқсан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз +2°С.

25 желтоқсан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде -3…-5°С, күндіз +2…+4°С.

Шымкент

23 желтоқсан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Кей уақытта тұман. Ауа температурасы түнде -4…-6°С, күндіз +3…+5°С.

24 желтоқсан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің екпіні 13 м/с-қа дейін жетеді. Ауа температурасы түнде -2…-4°С, күндіз +3…+5°С.

25 желтоқсан: ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел – 8–13 м/с. Ауа температурасы түнде -2…-4°С, күндіз +6…+8°С.

Бұған дейін мамандар 2025 жылғы қараша айы Қазақстанда айрықша болғанын атап өткен еді: ауа райы қарлы бораннан аномальды жылылыққа дейін құбылып, соның салдарынан елде соңғы 54 жылда жаңартылмаған температуралық рекорд тіркелді.