Қазақтың аңыз актёрі Асанәлі Әшімов 89 жасына қараған шағында өмірден озды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы журналист Диас Нұрақын жазды.
"Театр және кино тарланы, күллі қазақтың ақсақалы Асанәлі Әшімов мәңгілік мекеніне аттаныпты. Иманы жолдас болсын!", — деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Асанәлі Әшімұлы Әшімов (8 мамыр 1937 жыл, Сарысу ауданы, Жамбыл облысы) — кеңестік және қазақстандық кино және театр актёрі, кино және театр режиссёрі, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі. Қазақстанның
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз