Тоқаев Жапонияға сапарынан кейін тағы қай қала мен елге ұшатыны белгілі болды

Жаңалықтар

Жапонияға сапарынан кейін Қазақстан президенті Ресейге барады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап.

Ақорданың мәліметінше, президент Қасым-Жомарт Тоқаев 21-22 желтоқсан күндері Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы мен ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барады.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Жапонияға ресми сапармен келген болатын. Оны Токиодағы Ханэда халықаралық әуежайында Жапонияның сыртқы істер министрі Аяно Кунимицу қарсы алды.

Сондай-ақ Қазақстан президенті Орталық Азия мемлекеттері басшыларының құрметіне Жапония премьер-министрі ұйымдастырған ресми қабылдауға қатысу үшін Акасака сарайына келген еді.

"Орталық Азия – Жапония" диалогының бірінші саммитінде сөз сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия елдерінің халқы үшін Жапонияға виза рәсімдеу үдерісін жеңілдетуді ұсынды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз