"Тау-Кен Самұрық" арқылы геологиялық барлауға 72 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды

Жаңалықтар


Fortescue және Esan сияқты ірі серіктестермен 21 бірлескен кәсіпорын құрылды.


"Тау-Кен Самұрық" ұлттық компаниясының жер қойнауын пайдалану саласындағы реформаларды жүзеге асырудағы рөлі туралы вице-министр Иран Шархан Үкіметтің баспасөз мәслихатында айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қатпар және Жоғарғы Қайрақты кен орындарын қоса алғанда, 5 пилоттық жоба жүзеге асырылып жатыр.

2028 жылға қарай қорларды JORC халықаралық стандартына сай есепке қою жоспарланған.

"Учаскелерді игеруге "Тау-Кен Самұрыққа" басым құқық беруді бекіту жер қойнауын ұтымды пайдалануға мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етеді және саланың инвестициялық тартымдылығын арттырады", – вице-министр Иран Шархан.