Ақтөбеде жол жабылып, 100-ге жуық жолаушы пойызбен тасымалданды

Жаңалықтар


Күрделі метеорологиялық жағдайда теміржол көлігі ең қауіпсіз әрі сенімді қатынас түрінің бірі болып отыр.


"Ақтөбе – Астрахань" тас жолының жабылуына байланысты 100-ге жуық жолаушы "Қазақстан темір жолының" пойызымен жеткізілді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары мен Ақтөбе – Астрахань тас жолының уақытша жабылуына байланысты Ұлттық тасымалдаушы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау және отырғызу жұмыстарын жедел ұйымдастырды.

2025 жылғы 15 желтоқсанда №691 "Атырау – Ақтөбе" пойызы арқылы жолаушылардың қозғалысы қамтамасыз етілді:

  • Сағыз станциясынан Ақтөбеге дейін – 20 жолаушы;
  • Қарауылкелді станциясынан Ақтөбеге дейін – 30 жолаушы;
  • Қандыағаш станциясынан Ақтөбеге дейін – 46 жолаушы.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз ету бойынша қажетті шараларды жалғастырып, азаматтарды сапарларын жоспарлау кезінде ауа райы жағдайын ескеруге шақырады.