Туризм және спорт министрлігі: заңсыз лоторея ұйымдастырған 106 адамға айыппұл салынды

Жаңалықтар

Елімізде бір жыл ішінде заңсыз лотерея ұйымдастырған 106 адамға 46 млн теңге айыппұл салынған.

Ведомство Қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдерімен бірлесіп, әлеуметтік желілер арқылы заңсыз өткізілген лотереяларды анықтады. 2024 жылдың ақпан айынан бері оларды ұйымдастырғаны үшін 106 қазақстандыққа жалпы сомасы 46 миллион теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанда заңсыз лотереялар өткізгені үшін 100-ден 2000 АЕК-ке дейін айыппұл салынады, сондай-ақ алынған кіріс те тәркіленеді.

"Соңғы уақытта әлеуметтік желілерде заңсыз лотерея ойындарын ұйымдастыру фактілері жиілеп кетті. Бұл азаматтардың күмәнді билеттерді, қызметтер мен заттарды сатып алуына әкеліп соқтырады", — деп хабарлады Туризм және спорт министрлігі.