Әуеде құстай қалықтайтын автокөлік өндірісі басталды

Жаңалықтар


Alef Aeronautics компаниясы АҚШ-тың Калифорния штатында алғашқы ұшатын автокөліктің өндірісі басталғанын мәлімдеді. Он жылдық әзірлемеден кейін толық электрлі Model A көлігі таныстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.


Interesting Engineering мәліметінше, көліктің қуаты жолда 350 шақырымға, ал әуеде 177 шақырымға дейін жетеді.

Tesla мен Bitcoin-ның алғашқы инвесторларының бірі Тим Дрейпер қолдаған компания 2016 жылғы прототиптен бастап, 2023 жылы АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасынан (FAA) ұшу жарамдылығы сертификатын алған.

Жолда заңды түрде жүруге рұқсат етілген толық электрлі аппарат қазірдің өзінде 3 500 алдын ала тапсырыс жинаған. Белгілі болғандай, өндіріс орнында әрбір көлік бірнеше ай бойы қолдан құрастырылады.

Бір қызығы бұл көліктерге ұшу-қону жолағы қажет емес, олар тікелей жоғары көтеріліп ұша алады.

Бұған дейін парашютшінің ұшақ қанатына ілініп, оқыс бола жаздағанын жазғанбыз.