Қазақстанға Иран президенті ресми сапармен келді

Жаңалықтар


Қазақстанға Иран Ислам Республикасының президенті ресми сапармен келді.

Ақордада ресми сапармен келген Иран президенті Масуд Пезешкианды қарсы алу рәсімі өтті.

«Сапар барысында тараптар жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіп, сауда-экономикалық, көлік-логистика және мәдени-гуманитарлық салалардағы қазақ-иран ынтымақтастығын одан әрі нығайту мәселелерін талқылайды», – делінген осыған дейінгі Ақорданың хабарламасында.