Астанада оқушылардың бір бөлігі тағы да қашықтан оқуға жіберілді

Жаңалықтар

Елорданың білім басқармасы бірінші ауысымда оқитын бастауыш сынып оқушылары оқытудың онлайн форматына ауыстырылғанын хабарлады. Бұл туралы ведомство өкілдері 11 желтоқсанда мәлімдеді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірінші ауысымның 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады", — делінген басқарма хабарламасында.

Бұл шаралар елордада күн райының бұзылуына байланысты қабылданып отыр.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқуға жіберілгенін хабарлаған болатынбыз.

Мұндай шектеулер Қостанай қаласындағы оқушыларға да қолданылған болатын. Алайда ауа райының тұрақтануына байланысты қостанайлық оқушылар 8 желтоқсаннан бастап дәстүрлі оқыту форматына оралды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз