Шымкентте жол ережесін өрескел бұзған 18 мопед жүргізушісі жазаға тартылды

Жаңалықтар

Бұл туралы ІІМ баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Түнгі уақытта қала көшелерінде жүйткіп, жол қозғалысына қауіп төндірген 18-20 жас аралығындағы жасөспірімдердің әрекеті ЖБО камераларына түсіп қалды.

Құқық бұзушыларды ұстау үшін патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берілді.

Жастар ӘҚБтК-нің алты бабы бойынша жауапкершілікке тартылды. Қолданыс талаптарына сай келмейтін көлік құралдары айып тұрағына жеткізілді.