Ұлттық банк келесі жылғы базалық мөлшерлеменің шешім кестесін бекітті

Жаңалықтар


2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылданбақ.


Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайты жазды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

8 шешімнің 4-еуі болжам раунды нәтижелеріне негізделетіні айтылады.

– Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша 2026 жылы қабылданатын шешімдер кестесін бекітті. Келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша 8 шешім қабылдау жоспарда тұр, оның 4-еуі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады, – делінген Ұлттық банк таратқан ресми ақпаратта.

Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланып, келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне еніп отырады.

Ұлттық банк 2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер қай күндері жарияланатынын да жазды. Ол күндер: 23 қаңтар, 6 наурыз, 24 сәуір, 5 маусым, 24 шілде, 4 қыркүйек, 23 қазан және 4 желтоқсан.

Кеше Ұлттық банк көпшілікке өте ұғынықты ескерту жасаған еді.