Ұлттық банк 2026 жылға арналған базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер кестесін бекітті

Жаңалықтар

Қазақстан Ұлттық банкі базалық мөлшерлеме бойынша 2026 жылы қабылданатын шешімдер кестесін бекітті, деп хабарлайды Ұлттық банкке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

ҚҰБ-ның мәліметінше, келесі жылы базалық мөлшерлеме бойынша сегіз шешім қабылдау жоспарда тұр, оның төртеуі болжам раунды нәтижелеріне сай қабылданады.

"Базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер аптаның соңғы жұмыс күні Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады және келесі аптаның бірінші жұмыс күнінен бастап күшіне енеді", — делінген хабарламада.

2026 жылы базалық мөлшерлеме бойынша шешімдер мына күндері жарияланады:

  • 23 қаңтар;
  • 6 наурыз;
  • 24 сәуір;
  • 5 маусым;
  • 24 шілде;
  • 4 қыркүйек;
  • 23 қазан;
  • 4 желтоқсан.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз