Депутат ауыл әкімдерінің құзіретін кеңейтуді ұсынды

Жаңалықтар

0:00:00

0:00:00

Жаңалықтарды Telegram арнамыздан оқыңыз!

Ауыл әкімдерінің құзіретін кеңейту керек. Себебі, олар көп мәселені өз бетінше шеше алмайды. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Елнұр Бейсенбаев осы мәселені көтерді. Халық өздері сайлаған әкім мәртебесіне лайық болуы керек деді. Сондықтан, мәселені шешуге келгенде құзіреті шектелмеу керек. .

Елнұр Бейсенбаев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Халық өзі сайлағаннан кейін әкімнен нәтижелі жұмыс талап ететіні белгілі. Алайда әкімдердің тиісті құзіреті болмағандықтан қолы қысқа. Мәселен ауылдағы мектептің жылыту жүйесі істен шықса, оны облыстағы білім басқармасының нұсқауынсыз шешу мүмкін емес. Осы мысалдың өзі жеткілікті деп ойлаймын.

Самал Қабышева