Қазақстан гандболдан әлем чемпионатындағы төртінші ойынында жеңіліп қалды

Жаңалықтар


Гандболдан Қазақстанның әйелдер құрамасы әлем чемпионатында кезекті матчын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.


Еске салайық, алдын ала кезеңде отандастарымыз H тобында соңғы орынға ие болып, үш ойында қарсыластарына жол берген еді.

Қазір қазақстандық спортшылар жұбаныш кезеңінде өнер көрсетіп, 25-тен 32-орынға дейінгі орындар үшін таласуда.

Қазақстандық гандболшылар Куба құрамасына есе жіберді. Кездесу 28:29 есебімен аяқталды.

6 желтоқсанда өтетін ойында Қазақстан Қытай құрамасымен кездеседі.