Қазақстандық таеквондошы әлем чемпионы атанды

Жаңалықтар

21 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионаты биыл алғаш рет ұйымдастырылды.

Қазақстандық таеквондошы Бейбарыс Қаблан Кенияның Найроби қаласында өтіп жатқан жастар арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Ол 87 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғап, финалда Оңтүстік Корея өкілі Ян Джунёнды айқын басымдықпен жеңді.

Бұл Қазақстан жастар құрамасының аталған біріншіліктегі алғашқы медалі болды.

Айта кетейік, турнирде 79 елден келген 452 спортшы сынға түсуде.