Қызылордада өткен жәрмеңкеде өнімдер базардан 15-30 процентке төмен бағамен сатылды
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Бүгін Қызылорда қаласында өткен жәрмеңкеде табиғи әрі сапалы өнімдер базардан 15-30 процентке төмен бағамен сатылды Жәрмеңкеде Шиелі мен Қармақшы аудандарынан жеткізілген тауарлар сатылды. Олар: күріш 370 тг/кг; сиыр еті 2300/2900 тг/кг; жылқы еті 2300тг/кг; картоп 180 тг/кг; сәбіз 200 тг/кг; пияз 110 тг/кг; қырыққабат 150 тг/кг; қызанақ 350 тг/кг; балық 1300 тг/кг; ірімшік 2500/кг; қауын-қарбыз 150 тг/кг; Айта кетері, Қармақшының өзінен 150 тоннаға жуық өнім сатылды. Оны 45 автокөлікпен алып келді.