Қостанай оқушылары сырқаттанып жатқандар санының артуына байланысты кемінде келесі аптаның ортасына дейін қашықтан оқуды жалғастырады. Бұл туралы өңірлік білім басқармасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Күнделікті мониторинг негізінде Қостанай қаласындағы барлық 37 жалпы білім беретін мектептерде қашықтан оқуты форматын 3 желтоқсанға дейін созу туралы шешім қабылданды.
"Бұл оқу процесінің барлық қатысушыларының денсаулығын сақтап, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет. Басқа өзгерістер туралы кейінірек тағы қосымша хабарланатын болады", — деді Қостанай облысы білім басқармасының өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз