Астанада 27 қарашада цифрлық қауіпсіздік және онлайн алаяқтықтың алдын алу тақырыбына арналған "ҚМА-ның цифрлық қауіпсіздік сабақтары" атты сарапшылық форум басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Іс-шара "Заң және тәртіп" концепциясының аясында ұйымдастырылған.
Шараны Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА), Zakon.kz, Ғылым және жоғары білім министрлігі және Астана әкімдігі бірлесіп өткізуде.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, форумның мақсаты — халыққа цифрлық гигиена негіздерін түсіндіру, жаңа алаяқтық схемаларынан қорғану жолдарын үйрету.
Бағдарлама интерактивті форматта өтеді: конкурстар, театрландырылған көріністер, перформанстар және әзілдер ұсынылады. Модераторлар — ҚМА ресми өкілі Ернар Тайжан мен журналист Динара Сәтжан.
Форум барысында "Дипфейк: цифрлық алдаудың нақты оқиғалары" тақырыбында панельдік сессия өтеді. Сонымен қатар MMA әлем чемпионы Василий Тахтай сөз сөйлейді.
Шараға КВН-нің "Астана" командасы, "Патруль" және "Копы" сериалдарының, "Рэкетир" фильмінің актёрлері және танымал вайнерлер қатысады.
Ұйымдастырушылардың пікірінше, форум қазақстандықтардың цифрлық қауіпсіздік мәдениетін арттыруға және интернеттегі алдауға қарсы қорғаныс дағдыларын нығайтуға ықпал етеді.
Форумның онлайн трансляциясын "Правмедиа" YouTube-арнасынан көре аласыздар.