Қазақстанның СІМ басшысы АҚШ-тың мемхатшысымен телефон арқылы сөйлесті

Жаңалықтар

Тараптар қауіпсіздік пен тұрақтылық мәселесін талқылады.

ҚР премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубиомен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тараптар саяси диалог пен экономикалық байланыстарды нығайтуға ерекше назар аудара отырып, кеңейтілген стратегиялық серіктестіктің қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

"Жаһандық қауіпсіздік пен өңірлік тұрақтылықты қоса алғанда, бірқатар маңызды халықаралық мәселе бойынша пікір алмасу болды.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жоғары динамикасын қамтамасыз ету үшін тұрақты байланыстарды қолдауға келісті", — делінген СІМ хабарламасында.