Халықаралық World Boxing федерациясының және ұлттық Олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Головкин І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталуына қатысты Instagram-дағы парақшасында пікір білдірді. Қазақ боксының жұлдызын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзі марапаттады.
"Бүгін мен жоғары мемлекеттік награда – I дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталдым. Бұл мен үшін зор құрмет. Мен әрдайым әуесқой бокста да, кәсіпқой рингте де Қазақстан атынан шығып келдім. Осы жолда елімнің намысын лайықты қорғадым. Еңбегімді жоғары бағалап, сенім артқаны үшін президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтамын. ⠀ Барлық қазақстандыққа шынайы ризашылығымды білдіремін. Сіздер өмірімнің әр кезеңінде қасымда болдыңыздар. Қолдауларыңыз маған әрдайым күш беріп, жаңа жеңістерге жігерлендірді. Қазір World Boxing ұйымын басқара отырып, әлемдік бокстың дамуына үлес қосу үшін жұмысты жалғастырудамын", — деп жазды Головкин.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз