Парламент Сенатының кезекті отырысында республикалық бюджеттің үш жылдық параметрлері қаралды.
Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин 2028 жылға дейінгі сыртқы сауда операцияларының болжамын ұсынды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оның мәліметінше, Қазақстанда экспорт көлемі біртіндеп арта түседі.
"Болжам бойынша экспорт 2026 жылғы $77,1 млрд-тан 2028 жылы $83,7 млрд-қа дейін, импорт – $67,7-ден $75,2 млрд-қа дейін өседі", – деп атап өтті Серік Жұманғарин.