Қазақстанда кім тісін тегін емдете алады?

Жаңалықтар

Елімізде шұғыл стоматологиялық көмек бірнеше санаттағы азаматтарға көрсетіледі.

Шұғыл көмекке мұқтаж сырқаттар учаскелік дәрігерден жолдама алмай-ақ тікелей стоматологиялық мекемелерге жүгіне алады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жедел стоматологиялық көмек келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

- 18 жасқа дейінгі балалар

- жүкті әйелдер

- Отан соғысының ардагерлері

- I, II және III топтағы мүгедектер

- "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алған көпбалалы аналар

- атаулы әлеуметтік көмек алушылар

- жасы бойынша шыққан зейнеткерлер

- жұқпалы және әлеуметтік маңызы бар аурулары, сондай-ақ айналасындағыларға қауіп төндіретін аурулары бар пациенттер

- мүгедектігі бар немесе бала кезінен I топтағы мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін азаматтар.

Дәрігерден жолдама алмай-ақ келесі процедураларды алуға болады:

- күрделі кариесті, пульпитті, периодонтитті емдеу

- күрделі тістерді, соның ішінде даналық тістерді жұлғызу

- абсцесстерді ашу және одонтогенді кисталарды жою

- шыққан жақты орнына қою

- қатерсіз өсінді-ісіктерді жою (мысалы, эпулис)

- жарақат алған кезде қозғалған тісті уақытша орнына келтіру

- тіл жүгеншігі немесе ерін пластикасы

Жоспарлы стоматологиялық көмек мыналарды қамтиды:

- профилактикалық тексерулер және тістерді тазалау

- кариесті емдеу (композиттік материалдардан жасалған пломбаларды қолдана отыра)

- қарапайым және күрделі тісті жұлу

- жүйкені (тіс ұлпасын) алып тастау

- гингивит, стоматит және қызыл иектің басқа қабынуын емдеу

Ортодонтиялық көмек жақ сүйегінің туа біткен ауытқулары бар (таңдай жырығы, тістеу қабілеті дұрыс жетілмеген) және тіс-жақ деформациялары бар 6 жастан 12 жасқа дейінгі аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға көрсетіледі.

Шұғыл көмек — кез келген уақытта жолдамасыз көрсетіледі. Жоспарлы көмек алу үшін тіс дәрігеріне жазылу қажет. Егер дәрігер емханада амбулаториялық жағдайда көмек көрсету мүмкін емес деп санаса, науқас жедел жәрдеммен ауруханаға жіберіледі.