Павлодарлық сатушыдан 4 мыңға жуық вейп тәркіленді

Жаңалықтар

Тәркіленген электронды темекілерінің жалпы құны – 20 млн теңгеге жуықтайды.

Тыйым салынған тауар Торайғыров көшесіндегі дүкеннен табылды. Заңсыз тауардың партиясы сатуға арналған, деп жазады inbusiness.kz сайты polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Тыйым салынған электронды темекі сатумен айналысты деген күдікпен 20 жастағы дүкен сатушысы ұсталды.

Қазіргі таңда оған қатысты "Темекіге жатпайтын темекі өнімдерінің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы" бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Құқық қорғау органдары 2024 жылғы 20 маусымнан бастап Қазақстанда вейптерді және оған байланысты сұйықтықтарды сатуға, таратуға және пайдалануға тыйым салынғанын еске салды.