Қыз баланы пышақтап өлтірген: Ақмола облысында күдіктіні ұстау кезінде түсірілген видео жарияланды

Жаңалықтар

Ақмола облысында 14 жастағы қыз баланы асқан қатігездікпен өлтірді деп күдіктелген ер адамның ұсталынған сәтінен видео жарияланды. Ол бір тәулікке жетер-жетпес уақытта Целиноград ауданының Родина ауылының маңында ұсталды.

«Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу іс-шаралары жалғасуда, болған оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында», – делінген облыстық ПД хабарламасында.

Құқық қорғау органдары: күдікті заңның барлық қатаңдығымен жазаланатынын атап өтті. Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық мүмкіндігінше қатаң және ешқандай ерекшеліктерсіз тоқтатылады.