Атырау – Алматы бағыты бойынша енді күн сайын пойыз қатынайды, деп хабарлайды "Жолаушылар тасымалы" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"2025 жылғы 14 желтоқсаннан бастап №41/42 "Атырау – Алматы" жолаушылар пойызының қозғалыс кестесі күнделікті режимге ауыстырылады.
Бұл шешім батыс және оңтүстік өңірлер арасындағы көлік қатынасын күшейтуге, сондай-ақ қысқы маусымда жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған", — делінген хабарламада.
Пойыз құрамы жаңартылған купе және плацкарт типтегі вагондардан тұрады. Олардың саны 15-тен асады. Бұл бағытпен бір рейсте шамамен 700 жолаушы тасымалданады.
Айта кетелік, бұған дейін 14 желтоқсаннан бастап "Тальго пойызы" "Алматы – Ташкент" бағыты бойынша күнде қатынайтынын жазған едік.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз