Қазақстанда биыл 9 айда ұл балалар көбірек дүниеге келген

Жаңалықтар

Ұлттық статистика бюросы биыл 9 айдағы демографиялық жағдай туралы мәлімет берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Статистика бюросының мәліметінше, 2025 жылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанда 249,3 мың бала дүниеге келген.

Олардың ішінде:

  • 128,4 мыңы – ұл;
  • 120,9 мыңы – қыз бала.

Қалалық жерде 152,2 мың, ауылдық жерде 97,1 мың сәби өмірге келген.

Туудың ең жоғары коэффициенті келесі өңірлерде тіркелген:

  • Түркістан облысы – 1000 адамға шаққанда 22,26;
  • Шымкент қаласы – 21,46;
  • Маңғыстау облысы – 21,26.

Сондай-ақ биыл жаңа туған нәрестелер арасында мына есімдер жиі қойылған:

  • ұл балалар арасында – Мұхаммед, Алихан, Айсұлтан;
  • қыз балалар арасында – Айлин, Асылым, Медина.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз