Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды (фото, видео)

Жаңалықтар

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары аяқталды. Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мемлекет басшысын "Ташкент-Хумо" әуежайынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз қызметі мемлекет басшысының Ташкентке сапарынан видео жариялады.

Бүгін Өзбекстан астанасында Орталық Азия мемлекеттері басшыларының қатысуымен VII Консультативтік кездесу өтіп, бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Жиында көлік жүйесі, ұлттық үйлестірушілер кеңесі, су қауіпсіздігі, сирек кездесетін металдарды өндіру және өңдеу және мәдени-гуманитарлық байланыс секілді тақырыптар қозғалды.

Кездесу қорытындысы бойынша алты президент маңызды құжаттарға қол қойды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз