Вьетнамда ауыр жағдайға тап болған қазақстандық арнайы ұшақпен елге жеткізілді

Жаңалықтар

52 жастағы ер адам отадан кейінгі кезеңде болған геморрагиялық инсульттан кейін ауыр жағдайда Вьетнамнан Астанаға жеткізілді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Тасымалдауды Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының медициналық авиациясының мобильді бригадасы күшімен жүзеге асырылды. Бригаданың құрамында бүкіл әуе сапары барысында дәрігер Борис Сартаев пен фельдшер Ерулан Кундакбаев болды.

“Қазіргі уақытта пациент әрі қарай ем алу үшін ҰШМҮО-ның нейрохирургия және неврология департаментіне жатқызылды. Мобильді бригадаға олардың кәсібилігі мен іске адалдығы үшін алғыс білдіреміз. Науқастың тез сауығып кетуін тілейміз”, – делінген денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасында.