Алматылық кәсіпорын жылу үшін заңсыз үстеме алған

Жаңалықтар

Алматы қаласы бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің департаменті "Алматы жылу жүйесі" ЖШС-нің қызметінде монополиялық жағдайды анықтады.

Аталған заң бұзушылықтар жылу энергиясын тұтынушылардың құқықтарын шектеген, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Агенттік жүргізген талдау нәтижесінде табиғи монополия субъектісі – "Алматы жылу жүйесі" жылу энергиясына қайта қосылу қызметі үшін 10% көлемінде пайда белгілеген. Алайда, "Жылу энергиясын пайдалану қағидаларына" сәйкес, тұтынушыларды қайта қосу кезінде табиғи монополия субъектісінің пайда табуы қарастырылмаған.

Осыған байланысты, агенттік тарапынан АлЖЖ-ға бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамасын бұзу белгілері туралы ресми хабарлама жолданды.

Нәтижесінде Алматы қаласының тұрғындары үшін жылу энергиясына қайта қосылу қызметінің құны 10%-ға төмендетілді.