Мемлекеттік Туды өртеген 12 адам қамауға алынды

Жаңалықтар

13 қарашада Алматы облысының Ұйғыр ауданында белгісіз біреулер шет мемлекеттің туы мен басшысының бейнесін өртеп жіберген, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Сот материалдарды қарап шыққаннан кейін 12 адам Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейін қамауға алынды. Сонымен қатар, алты қатысушыға 20 АЕК (78 640 теңге) көлемінде айыппұл салынды», делінген облыстық полиция хабарламасында.

Ресми ақпаратқа сәйкес, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция мемлекеттік рәміздерге жасалған кез келген шабуыл, сондай-ақ, алауыздық тудыруға және қоғамдық қауіпсіздікті бұзуға бағытталған әрекеттер заңның өрескел бұзылуы болып табылатынын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң жазаланатынын еске салды.